Атырау, 26 желтоқсан 23:08
 бұлттыВ Атырау -3
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Француз компаниясы Қазақстанға SAF авиаотынын өндіруге көмектеседі

711 просмотра

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Францияға мемлекеттік сапары аясында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мен халықаралық Axens компаниясы ынтымақтастық туралы келісім жасасты. Құжатқа ҚМГ басшысы Асхат Хасенов пен Axens Басқарма төрағасы Квентин Дебуйшерт қол қойды, деп ұлттық компанияның баспасөз қызметі.

Келісім өзара тиімді серіктестікті кеңейтуге бағытталған. Компаниялар Қазақстанда экологиялық таза авиациялық отын (SAF) өндіру мүмкіндігін бірлесіп зерттеуді жоспарлап отыр. 

ҚМГ басшысы Axens-пен серіктестік орнату еліміздің энергетика секторына инвестиция тартуға, заманауи экологиялық стандарттарға сай келетін озық технологиялар енгізіп, жоғары сапалы отын өндірісін ашуға мүмкіндік беретінін атап өтті.  

Жаңартылатын отын түрлерін өндіру процестерімен байланысты Axens технологиялары «Қазақстан Республикасында тұрақты авиациялық отын өндіру» жобасының техникалық-экономикалық негіздемесі аясында 2024-2025 жылдары қаралатын болады. 

Елімізде SAF өндіретін кешен салу жобасының алдын ала техникалық-экономикалық негіздемесі ҚМГ-ның еншілес кәсіпорны – «ҚазМұнайГаз – Аэро» ЖШС және «Эйр Астана» АҚ қатысуымен сәтті орындалды. Келесі кезең — жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу. 

Сонымен қатар Асхат Хасенов пен Квентин Дебуйшерт екіжақты кездесу өткізіп, мұнай өңдеу саласында техникалық ынтымақтастық мәселелерін талқылады. 

Анықтама: 

SAF (Sustainable Aviation Fuel) — мұнаймен байланысы жоқ жаңартылатын ресурстардан өндірілетін экологиялық таза авиациялық отын. Кәдімгі авиакеросиннен айырмашылығы, SAF таза күйінде көміртегі шығарындысын 80%-ға азайтады.  

Axens — штаб-пәтері Францияда орналасқан халықаралық компания. Ол мұнай-газ өнеркәсібіне технологиялар, жабдықтар мен қызметтерді, соның ішінде техникалық қолдау мен оқыту қызметтерін ұсынады. Axens ҚазМұнайГаз зауыттарымен 1997 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Axens — Атырау мұнай өңдеу зауытында бірнеше қондырғының лицензиары. Бұл технологиялар Еуро-4 және Еуро-5 стандарттарына сай келетін жоғары сапалы бензин мен дизель отынын өндіруге мүмкіндік береді.

4 қараша, 22:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.