Атырау, 27 желтоқсан 09:36
 ашықВ Атырау +1
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

«СИБУР» Қазақстанда көбейіп келеді

767 просмотра

Ресейлік «СИБУР Холдинг» «Полимер Продакшн» ЖШС-дегі үлестік бақылау пакетін сатып алу процесін аяқтауда, деп жазады «Нефть и газ Казахстана» телеграм-каналы.

Бұл ЖШС-де Атырау облысында орналасқан және 2015 жылы пайдалануға берілген полимер өнімдерін (полимер қаптар, полипропилен және полиэтилен үлдір) шығаратын зауыт бар. Жанында орналасқан «KPI» ЖШС зауытынан алынған полипропиленді шикізат ретінде қолданады. 2023 жылдың желтоқсан айынан бастап «Полимер Продакшн» ЖШС акцияларының 100%-ы «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясына тиесілі.

Бұрын «СИБУР Холдинг» Қазақстан Республикасының аумағында келесі газ-химиялық жобаларды жүзеге асырды:

«KPI Inc.» ЖШС (Атырау облысындағы полипропилен өндіру зауыты) – 40% қатысу үлесімен.
«KPI Inc.» ЖШС өндіретін полипропиленді экспорттауға айрықша құқықтары бар.
 «Силлено» ЖШС (полиэтилен шығаратын зауыт құрылысы) – 30%.

4 қараша, 11:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.