Атырау, 2 қараша 13:41
 дождьВ Атырау +9.3
$ 453.87
€ 508.33
₽ 5.65

«Самұрық-Қазына» мен Әзербайжан «Каспий көпірі» паром жүйесін іске қосады

61 рет қаралды

Самұрық-Қазына фотосы «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов әзербайжандық AZCON Holding мемлекеттік холдингінің басшылығымен кездесу өткізді. Тараптар екі елдің көлік-логистикалық әлеуетін дамыту жөніндегі басты құжаттарға қол қойды. 

Келіссөздер барысында құрылым басшылары инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын, сондай-ақ теңіз және логистика салаларындағы бірлескен жобаларды талқылады. 

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екі ірі келісімге қол қойды:

  • «Каспий көпірі» паром жүйесі: «Самұрық-Қазына» АҚ мен AZCON Holding жаңа транскаспийлік паром желісін дайындау және іске қосу бойынша өзара әрекеттесудің негізгі қағидаттары мен бағыттарын бекітті.

  • Интермодальды жүк терминалы: «Қазақстан темір жолы» ҰК мен «Әзербайжан темір жолдары» ЖАҚ Ниет туралы келісімге (Term Sheet) қол қойды. Құжат Транскаспий халықаралық көлік бағыты (ТХКБ) бойынша контейнерлік тасымалдауды арттыру үшін жаңа терминал мен бірлескен кәсіпорын құру шарттарын айқындайды.

Бүгін, 12:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.