2024 жылғы 1 қарашада Қазақстан футбол федерациясының Бақылау, тәртіптік және этика комитетінің отырысы өтті, деп хабарлайды федерацияның баспасөз қызметі.
Қазақстан Республикасы чемпионатының 17-туры аясындағы «Астана» мен «Атырау» командалары арасындағы матчта ҚФФ Этика кодексінің 10, 12 және 13-тармақтарын бұзғаны үшін, яғни қарсылас команда ойыншысына тіл тигізу және физикалық әсер көрсетуге байланысты, Этика кодексінің 48-тармағына сүйене отырып, «Астана» командасының бас бапкері Григорий Константинович Бабаян 2 (екі) матчқа дисквалификацияланып, 300 АЕК көлемінде айыппұл салынды, бұл 1 107 600 (бір миллион жүз жеті мың алты жүз) теңгені құрайды. Дисквалификация мерзімі 2024 жылдың 31 қазанынан бастап есептеледі. Григорий Константинович Бабаян айыппұлды 2024 жылдың 1 желтоқсанына дейін төлеуі қажет.
Команданың тәртіпсіздігіне байланысты Қазақстан чемпионатының 17-турындағы «Астана» мен «Атырау» командаларының матчында бес (5) ойыншыға ескерту берілгені үшін, ҚФФ ДР 48-бабының 1-тармағына сәйкес, №1 қосымшаға сүйене отырып, «Атырау» ФК-на 100 АЕК көлемінде айыппұл салынды, бұл 369 200 (үш жүз алпыс тоғыз мың екі жүз) теңгені құрайды. «Атырау» ФК айыппұлды 2024 жылдың 1 желтоқсанына дейін төлеуі қажет.
Бапкерге тіл тигізгені үшін айыппұл КФФ ДР 53-бабын бұзғаны үшін, яғни қарсылас команданың бас бапкеріне тіл тигізгені үшін, ДР КФФ 74-бабының 4-тармағына сүйене отырып, «Атырау» командасының ойыншысы Матеус Барбозаға 200 АЕК көлемінде айыппұл салынды, бұл 738 400 (жеті жүз отыз сегіз мың төрт жүз) теңгені құрайды. Матеус Барбоза айыппұлды 2024 жылдың 1 желтоқсанына дейін төлеуі қажет.