2 қараша күні таңғы сағат 6:40-та Ақтау-Атырау бағытында ұшатын Fly Arystan KC 7277 ұшағы тұманға байланысты 16 сағатқа кешікті. Ұшу уақыты бірнеше рет кейінге шегеріліп, жолаушылардың сағат 22:15-те ұшатындығы хабарланды.
Жолаушылар күту кезінде ыстық тамақ пен басқа да қолайлы жағдайлардың жоқтығына наразылықтарын білдірді. Әуе компаниясының өкілі барлық жолаушының тіркеуден шығарылғанын және оларды тамақ берілетін қонақүйге орналастыруды ұсынғанын, бірақ жергілікті тұрғындардың көбі үйлеріне қайтуды жөн көргенін айтты. Кейбір жолаушылар билеттерін қайтара бастаған.
4 сағат өтсе де ыстық тамақ берілмеді.
2 қараша күні сағат 23:25-те ұшып шығуы тиіс FlyArystan KC 7297 Атырау-Астана рейсі 3 қараша күні сағат 01:15-те ғана діттеген жеріне ұшады.
ТОЛЫҚТЫРЫЛДЫ:
Біздің басылымға жауап ретінде әуе компаниясының баспасөз қызметі ресми жауап жіберді:
«Атырау-Ақтау бағытындағы KC7277 рейсінің ауа райына байланысты кейінге қалдырылғанын хабарлаймыз. Әуе компаниясының өкілдеріне жүгінген жолаушылар сусындар, ыстық тамақпен қамтамасыз етіліп, қонақүйге орналастырылды. Барлық жолаушы қаражаттарын толық қайтару немесе тегін қайта брондау мүмкіндігіне ие болды. Ақтаудан Ыстамбұлға жалғасатын рейсін өткізіп алған жолаушылар да ақшасын толық қайтара алады немесе тегін қайта брондау жасай алады. Естеріңізге сала кетейік, ауа райы - рейстер кешіктірілетін себептердің бірі. Қауіпсіздік - FlyArystan компаниясының негізгі басымдығы», - делінген хабарламада.
Ұшып шыққан ұшақ Ақтау әуежайындағы қолайсыз жағдайға байланысты Атырау әуежайына оралды. Соңғы ақпарат бойынша, рейс 3 қараша күні сағат 03:30-ға ауыстырылған.
Ұшақ Атырауға екінші рет қайта оралды.
Айта кетейік, Flyarystan KC 7266 Орал - Ақтау рейсі 2 қараша күні сағат 23:58-де Ақтау әуежайына қонды.
Айнұр САПАРОВА
Автор түсірген бейнежазбалар