Түнгі сағат 23:30 шамасында аумақты патрульдеу барысында учаскелік полиция инспекторлары жоғары қабаттан жылаған балалардың дауысын естіген.
Анықтау барысында балалардың бесінші қабаттағы пәтерде жалғыз қалғандары және балкон арқылы сыртқа қауіпті қарағандары белгілі болды.
Дереу бүлдіршіндерді құтқаруға кіріскен полицейлер көпқабатты үйдің сыртқы жабынын жөндеуге арналған баспалдақтар арқылы пәтерге өткен. Өзге әріптестері жанама баспалдақтың құлап кетпеуі үшін ұстап тұрған.
Полиция капитаны Дархан Ажигулов 4 және 6 жастағы бүлдіршіндер қауіпсіз жерге шығарды. Балалардың ата-аналарымен профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.