Атырау, 26 желтоқсан 16:08
 бұлттыВ Атырау -3
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

«QazaqGaz» ҰК» АҚ-мен газ кен орындарын барлау және өндіру бойынша келісім-шарттарға қол қойылды

899 просмотра

«QazaqGaz» ҰК» АҚ-мен газ кен орындарын барлау және өндіру бойынша келісім-шарттарға қол қойылды, деп хабарлайды Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың газдың ресурстық базасын кеңейту тапсырмасын іске асыру аясында ағымдағы жылдың 1 қарашасында Энергетика министрлігі «QazaqGaz» ҰК» АҚ-мен екі жетілдірілген модельдік келісім-шарт жасасты:

Жамбыл облысындағы «Малдыбай» учаскесінде көмірсутектерді барлау және өндіру;

Ақтөбе облысындағы «Шалқар» учаскесінде стратегиялық серіктес «КОР» Мұнай компаниясы» АҚ-мен бірлесіп көмірсутектерді барлау және өндіру.

Жетілдірілген модельдік келісім-шарт 2023 жылы енгізілген және күрделі жобалар үшін реттеушілік және фискалдық преференцияларды қарастырады.

2025 жылы Жамбыл облысындағы «Малдыбай» учаскесінде бұрын бұрғыланған екі ұңғыманы қалпына келтіру және 190 км² аумақта 3D сейсмикалық барлау жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Ақтөбе облысындағы «Шалқар» учаскесіндегі барлау ұңғымасын барлау жұмыстары 2025 жылы басталады.

Айта кетерлігі, бұл келісім-шарттар тікелей мемлекетпен жүргізілген келіссөздер нәтижесінде және басым құқық аясында жасалған «QazaqGaz» ҰК» АҚ-ның алғашқы келісім-шарттары болып табылады.

1 қараша, 19:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.