Атырау, 27 желтоқсан 13:43
 ашықВ Атырау -2
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Еуроодақ Temu сауда платформасына қатысты тергеуді бастады

721 просмотра

Еуропалық одақ цифрлық қызметтер (DSA) туралы заңды бұзды деген күдікпен Қытайдың Тemu сауда платформасына қатысты ресми тергеуді бастады. Айтуларынша платформада құрамы қауіпті контрафактілік тауарлар, фармацевтикалық препараттар, косметика және ойыншықтар сатылады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The Guardian порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Еуропалық комиссияның хабарлауынша, платформа төмен бағамен Еуроодақ нарығында тез танымал болған. Алайда платформада заңсыз өнімді сатудың алдын алу үшін тиісті бақылау жоқ. Мұнда Еуроодақ стандарттарына сәйкес келмейтін контрафактілік тауарлар, фармацевтикалық препараттар, косметика және ойыншықтар сатылады.

Комиссия сонымен қатар ережелерді бұзғаны үшін сайттан бір рет шығарылған тауарлар кейін пайда болғанына алаңдаушылық білдірді. Германия, Дания және Ирландияда билік Temu-дың цифрлық қауіпсіздік ережелерін сақтау қабілетіне күмән келтірді.

Комиссия одан бөлек платформаның маркетингтік стратегияларын сынға алды. Мұнда интерактивті тапсырмалар, конкурстар және сатып алу процесін қызықтыратын басқа тәсілдер пайдаланушыларды көбірек ақша жұмсауға ынталандырады. Сарапшылардың айтуынша бонустар мен жеңілдіктері бар мұндай ұтыс ойындары адамдардың тәуелділігін тудырып, жоспарлағаннан да көп ақша жұмсауға итермелейді.

Егер Temu цифрлық қызметтер туралы заңды (DSA) бұзғаны анықталса, компания үлкен айыппұл төлеуі мүмкін.

"Temu веб-сайтындағы тауарлардың біздің қауіпсіздік стандарттарымызға сәйкес келуін және тұтынушыларға зиян тигізбеуін қалаймыз", – деп атап өтті Еуропалық комиссияның атқарушы вице-президенті Маргрет Вестагер.

Ал Temu өкілдері болса, платформа тексеруші органдармен белсенді ынтымақтасқанын, олардың сұрауларына жедел жауап беретінін мәлімдеді. Компания ақша мен ресурстардың қауіпсіздігі, өнімді бақылау бағытына инвестициялауды жалғастыратынын жеткізді. Сондай-ақ, Temu контрафактіні сатуға қарсы күрес жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандумға қол қоюға дайын екенін білдірді.

Temu-ға Ұлттық тұтынушылар ұйымдарынан алғашқы шағым осы жылдың мамыр айында келген. Тағы 17 ел, соның ішінде Франция, Италия және Нидерланды комиссияға өз шағымын жолдады. Тұтынушылардың құқықтарын қорғаушылардың пікірінше, компания адамдарға сатушылар мен сатылатын тауарлар туралы маңызды ақпарат бермейді.

Ұлыбританияда осыған байланысты жергілікті тұтынушылар қауіпті тауарларды сатуға қарсы шараларды күшейтуге шақырды.

Қазақстанда Тemu маркетингтік стратегияның арқасында танымал болды. Компания өз өнімдерін сайттарда, блогерлерде және әлеуметтік желілерде, соның ішінде рилс, шортста және TikTok-та белсенді түрде жарнамалай бастады. Мысалы, жарнамаларда PlayStation 5-ті небәрі 999 теңгеге сатылатынын көруге болады. Көптеген пайдаланушылар бұл бағаға және өнімнің сапасына күмәнданып, оған сенімсіздікпен білдірді.

1 қараша, 14:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.