Атырау, 27 желтоқсан 14:13
 ашықВ Атырау -2
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Норвегия Украинаға 118 миллион доллар бөлмек

724 просмотра
pixabay.com

Норвегия Украинаға F-16 ұшақтарына қосалқы бөлшектер мен қару-жарақ сатып алуға 118 миллион доллар бөледі, деп хабарлады Sputnik осы елдің қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

Биыл шілде айында Норвегияның премьер-министрі Йонас Гар Стёре Украинаға алты F-16 жойғыш ұшағын беретінін мәлімдеген болатын. Сондай-ақ әуе қорғанысына 94 миллион доллардан астам қаржы бөлінді. Сол кезде Стёре күзде Киевке IRIS-T зеңбірек қондырғысы жіберілетінін де айтқан. Норвегия әуе қорғанысы қондырғыларына қызмет көрсетуге қажетті қаржыны да беріп отырады.

Министр Бьёрн Арильд Грам 29-30 қазан күндері Одессаға барып келді. Сонда Норвегияның Украина әскери-әуе күштерін қолдау көлемі ұлғаятынын мәлімдеді.

"Қосымша жарнаның көлемі - 1,3 миллиард норвегиялық крон (118,3 миллион доллар - ред.). Осы ақша – 16 ұшақтарына қосалқы бөлшектер мен қару-жарақ сатып алуға жұмсалады", - делінген министрліктің баспасөз хабарламасында.

Қаржылай көмек Ұлыбританиямен бірлескен коалиция асында Украинаның теңіздегі әскери мүмкіндіктерін қаржыландыруға да жіберіледі.

Айта кетері, 2023 жылы желтоқсан айында Ұлыбританияның қорғаныс министрлігі Норвегиямен бірге Украинаның теңіздегі әскери мүмкіндіктерін қолдау бойынша жаңа коалицияны бастайтынын мәлімдеді.

Ал Норвегияның NRK телерадиокешені Нансен бағдарламасының 2030 жылға дейін ұзартылатынын хабарлады. Соның аясында Украинаға берілетін көмектің көлемі де 7,1 миллиард доллардан 12,8 миллиардқа дейін ұлғаяды.

1 қараша, 13:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.