Атырау, 22 қараша 03:13
 бұлттыВ Атырау +4
$ 494.87
€ 520.65
₽ 4.91

Үкімет Қашаған акционерлеріне: "Сындарлы диалогқа дайын екенімізді растаймыз​"

905 просмотра
Сурет: primeminister.kz

31 қазанда Қашаған акционерлері мен үкімет басшысының кездесуі өтті.

"Әлемдік жетекші энергетикалық корпорациялардың өкілдерімен ұжымдық кездесу барысында мұнай-газ саласындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелері қаралды", - деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.

Сурет: primeminister.kz

Жиынға Shell Plc. атқарушы вице-президенті Питер Костелло, ExxonMobil дәстүрлі кен және ауыр мұнай өндіру жөніндегі аға вице-президенті Джон Уилан, TotalEnergies Exploration&Production Азия-Тынық мұхиты өңірі бойынша аға вице-президенті Чарльз Фернандес, Eni S.p.A табиғи ресурстарды барлау және өндіру жөніндегі директоры Лука Виньяти қатысты.

Компаниялар еліміздегі ең ірі қайраңды мұнай-газ жобасы – Қашаған кен орнын игеруге қатысатын NCOC консорциумының құрамына кіреді. Мұнай-газ компанияларының өкілдері инвестициялық жобаларды іске асыру үшін кең мүмкіндіктерді атап өтіп, мұнай-газ секторындағы ұзақмерзімді ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге бейілділігін жеткізді.

"Қазақстан Үкіметі барлық айқын мәселелерді шешуде ашық әрі сындарлы диалогқа дайын екендігін растады. Талқылау қорытындысы бойынша жиынға қатысушылар кен орнын игерудің келесі кезеңдерін (А2 және Б2) уақтылы іске асырудың маңызын атап өтті", - делінген хабарламада.

1 қараша, 12:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.