Атырау, 28 желтоқсан 00:38
 ашықВ Атырау -2
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

​Жоғарғы сот атыраулық екі өрт сөндірушіге қатысты балық парасы туралы істі қарады

1 090 просмотра

2020 жылдың қараша айында Атырау қаласының №2 соты қалалық №4 өрт сөндіру бөлімінің бастығы Еркінбек Мәжитов пен Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің басшысы Абдулқапар Жұмановқа айыптау үкімін шығарды, деп хабарлайды Свидетель.kz.

Мәжитовке пара бергені үшін 120 мың теңге, ал Жұмановқа 300 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. Екеуі де мемлекеттік және квазимемлекеттік органдарда жұмыс жасаудан өмір бойына шеттетілді, сонымен қатар азаматтық қорғау полковнигі мен подполковнигі атақтарынан айырылды.

Іс материалдарына сәйкес, 2020 жылдың мамыр айында Мәжитов Жұмановқа ұялы телефон арқылы қоңырау шалып, әкесін дәрігерге апару үшін түстен кейін мұрсат сұраған. Жұманов келісіп, өзіне «өткен жолғыдай» деп, балық әкеліп тастауын өтінген. Жергілікті тұрғын болмағандықтан, атын ұмытып қалыпты. Сол күні Мәжитов мұрсатын пайдаланбай, балық әкеліп тастаған. Салмағы 3 келі 500 г (басы мен құйрығы жоқ) бекіре балығын 6000 теңгеге сатып алып, бастығына берген.

Нәтижесінде екеуі де сотталды. Жұмановтың әрекеті лауазымдық өкілеттікті жеке басының пайдасы үшін теріс пайдалану ретінде бағаланып, ықтимал зиянды салдары бар «қоғамдық қауіпті» деп танылды. Екі өрт сөндіруші де өз кінәларын мойындамай, балықтың ақшасын Жұмановтың төлегенін айтты.

2024 жылдың қыркүйегінде Жоғарғы сот Бас прокурордың наразылығы бойынша бірінші үкімді бұзып, қылмыс құрамы жоқ болғандықтан қылмыстық істі тоқтатты. Бас прокурор өз наразылығында заңның дұрыс қолданылмағанын, соның салдарынан жазықсыз адамдардың сотталғанын көрсеткен.

«ҚР Қылмыстық кодексінің 19-бабына сәйкес адам қоғамға қауіпті іс-әрекеттер жасағаны және оның қоғамға қауіпті зардаптары үшін ғана қылмыстық жауаптылыққа тартылады. Алайда, айыптау үкімінде А.Д .Жұмановтың әрекетінен қоғамға қандай зиян немесе қауіп төнгені анықталмаған. Сот талқылауы барысында анықталғандай, әңгіме барысында Е.Қ. Мәжитов отбасылық себептермен мұрсат сұраған, ал Жұманов  өзіне балық қажет екенін айтып, оны алуға мүмкіндік бар-жоғын  білуді өтінген», - делінген 2024 жылғы 17 қыркүйектегі №2уп-313-24 қаулысында. Сот ақталған тұлғалардың құқық қорғау органдарының әрекеті арқылы келтірілген зиянды өтеуді талап етуге құқықтары бар екенін мәлімдеді.

31 қазан, 16:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.