Қытайдың Ханчжоу қаласында волейболды отырып ойнаудан Азия және Тынық мұхит аймағы бойынша клубтар арасында чемпионат мәресіне жетті.
Жарысқа елімізден атыраулықтармен қатар «Қызылорда», Қытай, Сауд Арабиясы және Аустралия командалары қатысқан.
«Атырау» командасы өз тобында Сауд Арабиясы мен Қытайдың екі клубын 3:0 есебімен жеңіп, жартылай финалда «Қызылордадан» да дәл сондай есеппен басым түскен.
30 қазан күні финалда қытайлық Zhe Jiang клубымен өткен ойында атыраулықтар 3:2 есебімен жеңіске жетіп, чемпион атанды.
«Ұлттық құраманың негізін Атырау облысының ойыншылары құрайды. Биыл Атыраудан 8 спортшы Қазақстан сапында Париж Паралимпиадасына қатысып, 5-орынға ие болды. Әлемде 78 команда болса, солардың арасынан алдыңғы лекке ілігу – үлкен жетістік. Енді төрт жылдан кейін Лос-Анджелесте өтетін Паралимпиада ойындарына дайындаламыз. Әлемдік рейтингіде қазіргі кезде Қазақстан құрамасы 5-орында тұр», - дейді «Атырау» клубының бас бапкері Бауыржан Тахауов.
Дайындаған Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ