Атырау, 21 қараша 21:14
 ашықВ Атырау +3
$ 495.20
€ 522.34
₽ 4.94

Австрия Украина қақтығысында делдал болғысы келеді

321 просмотра

Австрия Ұлттық кеңесінің (парламенттің төменгі палатасы) жаңадан сайланған басшысы Вальтер Розенкранц Украинадағы қақтығыс бойынша келіссөздерде Австрияның делдалдық рөл атқарғанын қалайтынын айтты, деп хабарлайды Sputnik РИА Новости басылымына сілтеме жасап.

Алайда Австрия билігі Ресейге қарсы санкцияларды қолдағандықтан делдалдық үшін бейтарап ел ретінде қабылданатынына күманданады.

Розенкранц Ресей президенті Владимир Путинмен сөйлесу қажет екенін атап өтті.

"Егер Австрия бейтарап ел ретінде келіссөздер алаңын ұсына алса осы жерде біз айтарлықтай алға жылжитын едік. Алайда қазіргі ушығып тұрған жағдайда бейтараптықты ұсыну мүмкін емес. Бұл Ресейге қарсы салынған санкциялармен де байланысты. Сондықтан Ресей бізді бейтарап ел ретінде қабылдай қоюы екіталай", - деді Розенкранц Австрияның ServusTV телеарнасына берген сұхбатта.

Оның айтуынша, егер Австрияға бейтарап рөлді қайтаруға мүмкіндік берілсе, ол бірінші болып ұсыныс айтар еді.

31 қазан, 13:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.