Атырау, 8 сәуір 1900
 бұлттыВ Атырау +12
$ 518.31
€ 567.96
₽ 6.03

QazaqGaz және NCOC ГӨЗ құрылысын талқылады

1 042 просмотра 14 пікір

«QazaqGaz» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Санжар Жаркешов Джанкарло Рую бастаған «НК Оперейтинг Компани» (NCOC) делегациясымен кездесті, деп хабарлайды ұлттық компанияның баспасөз қызметі.

Кездесу барысында тараптар сұйытылған газды қабылдау, қайта тиеу және қайта өңдеу жобасын іске асыру барысы, сондай-ақ қуаттылығы 2,5 млрд текше метр газ өңдеу зауыты (ГӨЗ) құрылысының ағымдағы жай-күйін талқылады.

Сонымен қатар, жобалардың орындалу мерзіміне басты назар  аударылды. Компания басшылары қойған мақсаттарға жету үшін, тұрақты түрде өзара іс-қимылдың маңыздылығын атап өтті.

31 қазан 2024, 11:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.


16