Атырау, 28 желтоқсан 00:24
 ашықВ Атырау -2
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

Испаниядағы су тасқыны: зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары бар ма?

344 просмотра
видеодан скриншот

Сыртқы істер министрлігі Испанияда су тасқынынан зардап шеккендер мен қаза тапқандар арасында Қазақстан азаматтары бар-жоғы туралы мәлімет берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Испания билігінің алдын ала ақпараты бойынша, Валенсияда зардап шеккендер мен қаза тапқандар арасында ҚР азаматтары жоқ», – деді СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров бейсенбіде агенттікке берген түсініктемесінде.

Естеріңізге сала кетейік, Испанияда су тасқынынан қаза тапқандар саны 95 адамға дейін өсті. Құрбандардың басым көпшілігі – Валенсияда. 31 қазаннан бастап Испания үкіметі елде үш күндік қаралы күн жариялады.

Испаниядағы су тасқыны Валенсия аймағында 155 мыңға тарта үйді жарықсыз қалдырды. Автомобиль жолдары, әуе және теміржолдары да зардап шекті.

Испанияның мемлекеттік метеорологиялық агенттігі AEMET Валенсия мен Андалусияның кейбір бөліктерінде қауіптіліктің артқанын жариялады. Метеорологтардың болжамы бойынша ауа райының қолайсыздығы 31 қазанға дейін жалғасады.

31 қазан, 11:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.