Атырау қаласындағы орталық көшелердің бірінде жолаушы қоғамдық көліктің жүргізушісімен кикілжіңге келіп, соңында жолаушы автобустың әйнек тазалағышын сындырып тастады.
Осы оқиға туралы бейнежазбаны Атырау облысы полиция департаменті түсіндіріп, оқиғаның 19 қазан күні орын алғанын хабарлады.
Полиция қызметкерлері құқық бұзушылыққа жол берген тұлғаның жеке басын анықтады. 44 жастағы ер адамның ІІ топ мүгедегі екені анықталып, оның жауапты күтушісімен профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Құқық бұзушылыққа жол берген тұлғаға қатысты іс-құжаттар жинақталып, жауапты жергілікті атқарушы органдарға жолданды.
Аталған тұлға жүйке жүйесі ауруларымен есепте тұрғаны анықталды.
Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ
Видеодан жасалған скрин