Атырау, 3 қыркүйек 19:43
 дождьВ Атырау +29.2
$ 455.40
€ 526.99
₽ 5.25

Жайықтың оң жағалауын жөндеу жұмыстары басталды

Сурет
1 350 рет қаралды

Естеріңізге сала кетейік, жағалауды бекіту жұмыстары кезінде ауыр техника қозғалысынан жағалаудағы асфальт пен кеспе тастар, сондай-ақ темір қоршаулар бүлінген еді. 

– Жөндеу жұмыстары кезінде қоршаулар дәнекерленіп, асфальт, гранитті жабындар және кеспе тастар қалпына келтіріліп, шамдар да орнатылады. Ал жүгіру жолының резеңке жабынына келетін болсақ, ол жаңартылады. Қазір бөлшектеу жұмыстары жүргізілуде, - деді қала әкімдігінің баспасөз хатшысы Ғасырбек ТӨЛЕГЕНОВ

«BS» ЖШС мердігер компаниясы осы жылдың соңына дейін жөндеу жұмыстарын аяқтайды деп күтілуде. 

Дайындаған Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Автор түсірген сурет

30 қыркүйек 2024, 21:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.