Атырау, 23 желтоқсан 13:59
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Қоғам белсендісі Қазақстанда TikTok-ты бұғаттау керек екенін айтып дабыл қақты

857 просмотра

Қазақстандық қоғам белсендісі Нұркен Халықберген TikTok-тың жасөспірімдер психикасы мен суицидке әсері күшті екенін айтып дабыл қақты. Сөзінше, Алматыдағы екі жасөспірім қыздың өлімінен-ақ платформаның балаларға қалай әсер етіп жатқанын көруге болады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Нұркен Халықберген өзінің Telegram арнасында осыған дейін TikTok-тың жасөспірімдер психикасына қаншалықты қауіпті болуы мүмкін екенін бірнеше рет айтқанын алға тартты.

“Кейінгі 8 күнде Алматыда 4 бала мерт болды. Жеке пайдаланушылар, сондай-ақ осы қызметті ұсынатын жарнама және маркетинг агенттіктерінің қызметкерлерін айтпағанда, TikTok – шын мәнінде тексерілмеген және деструктивті ақпаратты бақылаусыз таратуға арналған платформа. Басқа платформалардан айырмашылығы, TikTok алғашқы секундтан-ақ жасөспірімдердің назарын аударып, оларды қарапайым, бірақ эмоция тудыратын видеолармен баурап алады. Оның қаупі де осында. Бұл жаман әдеттер мен өзге дүниетаным қалыптастырады. TikTok-та жасөспірімдердің назарын аудару оңайырақ. Сол себепті қызығушылық танытқан балаларды жабық топтар мен қауымдастықтарға тартуға болады”, – деді ол.

Қоғам белсендісі жасөспірімдердің визуалды контент арқылы манипуляцияға өте осал екенін дүниежүзіндегі психологтардың өзі бірнеше рет растағанын жеткізді. Айтуынша ақпаратты жылдам тұтыну сыни ойлауды қиындатады.

“Халықаралық зерттеулер TikTok сияқты платформаларды шамадан тыс пайдалану жасөспірімдердің эмоциялық жағдайының нашарлауына әкелетінін, мазасыздықты, депрессияны тудыратынын және тіпті суицидтік ойлардың қалыптасуына ықпал ететінін растады. Мысалы, Мельбурн университетінің психологтарының зерттеуі әлеуметтік медиа әлеміне шамадан тыс енген жасөспірімдердің күйзеліске және жалғыздық сезіміне көбірек ұшырайтынын көрсетеді”, – деп қосты ол.

Нұркен Халықберген Алматыдағы екі жасөспірім қыздың қазасы да осы платформаның әсерінен екенін қоса кетті.

“Бұған дейін TikTok-ты бұғаттау туралы мәселе көтергенімде мені мазақ етті. Сөз бостандығына тыйым салу арқылы бала тәрбиесіне араласуға болмайтынын айтты. Алайда сол бостандықтың нәтижесін көріп отырмыз. Қазір шын құрбандарымыз бар. Тәуекел тобына жатпайтын жақсы отбасылардың қыздары оңтүстік астанада өзіне қол жұмсады. Олар қолдауға, білімге ие, жарқын болашақ үшін қажет нәрсенің бәрі бар балалар еді. Олардың трагедияларын кездейсоқтық деп есептей алмаймыз. Мемлекет бір шешімге келе алмай отырғанда, мұндай жағдайлардың саны тек өсе береді. Міне, оған дәлел – тағы бір баланың өлімі”, – деді Нұркен Халықберген.

Қоғам белсендісі осы тұста билік өкілдерін шара қабылдауға шақырды. Ал егер олар ештеңе жасамаса, ата-аналардың әрекет етуі қажет екенін жеткізді.

“Жағдайдың бақылаудан шығыуын күтіп қажет емес. Осы қайғылы оқиғаларға байланысты депутаттар TikTok-ты пайдалануға уақытша мораторий енгізуі қажет. Біз бұл платформаның әсерінен жасөспірім суицидінің көбеюіне көз жұма алмаймыз. Билік қазір жағдайдың бақылауда екенін айтып, сенімді оятуға тырысып жатыр. Бірақ нақты не жасалып жатқаны түсініксіз. 

Егер мемлекет тарапынан белсенді және шұғыл шаралар қабылданбаса, ата-аналарға жүгінеміз. TikTok-ты балаларыңыздың телефонынан өшіріп тастаңыздар. "Ата-ана бақылауы" функциясын іске қосып, үшінші тарап қолданбаларын орнатуды шектеңіз. Бұл тек бақылау мәселесі емес, бұл – өмір мен өлім мәселесі. Әлеуметтік медиа мен бақыланбайтын цифрлық контенттің балалар дүниетанымын қалай болса солай қалыптастыруына жол бере алмаймыз”, – деп қорытты ол. 

Алматыда қаза тапқан қыздардың бірінің Асқар Ізбасаров есімді туысқаны Facebook парақшасында жазба жариялап, аталған мәселеге билік тарапынан тиісті көңіл бөлуді талап етті. Сондай-ақ мектептерде балалардың телефон қолдануына шектеу енгізуді ұсынды. 

“Көңіл айтып, қолдау білдіргеніңіз үшін баршаңызға алғыс айтамын! Менің жиенім мен оның сыныптасының қайғылы қазасынан біреулердің жаман ниетін көруге болады. Себебі мұның жалғыз жағдай емесі расталады. Балалар өздерінің әлі жетілмеген көзқарасының салдарынан құрбан болып жатыр. Мұны түсініп, кінәлілерді тауып, жазалау қажет. Әлеуметтік желі әкімшілеріне фактілерді жинап, ресми сұрау салу керек. Алайда қазір балаларға ең болмағанда мектепте смартфондарға шектеу жасау арқылы деструктивті әрекеттерге тосқауыл қоя аламыз”, – деді ол. 

23 қыркүйек, 13:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.