26 тамызда Атырау қалалық соты Жұмыскер емханасының әкімшілігі мен кәсіпкер әйелге қатысты үкімді оқыды. Аса ірі көлемдегі ақша ұрлау ісінде төрт адамның қатысы бар.
Естеріңізге сала кетейік, 29 қазанда Атырау облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінген №4 қалалық емхана директоры ұсталғанын хабарлаған болатын.
Алдын алу шаралары аясында сот ашық режимде өтіп, облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен оған қарасты 28 мекеменің қызметкері онлайн режимде процеске қосылды.
Айыпталушылар – №4 Атырау қалалық емханасының директоры Е.Сабиров, шаруашылық меңгерушісі А.Әлжанова, бас есепші М.Дүйсенғалиева және кәсіпкер А.Ералиева кінәлі деп танылды. Облыстық Антикордың мәліметінше, жымқырылған қаржы сомасы 231,8 млн теңгені құраған.
«Ақша кәсіпкерге заңнама талаптарын бұза отырып жасалған шарттар бойынша іс жүзінде қызмет көрсетусіз аударылған», - деп хабарлайды Антикор.
Сот үкімімен әқайсысына 5 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жаза мерзімінен бөлек емхана басшысына өмір бойына мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқаруға тыйым салынды. Қалған сотталушылар 7 жыл мерзімге мемлекеттік ұйымдарда материалдық жауапты қызметтер атқару құқығынан айырылды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Анастасия ШЕРСТЯНКИНА