Атырау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет облыстық прокуратурамен келісе отырып, аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінген №4 қалалық емхана директорын ұстады. Бұл туралы «Антикор» басшысы Ерұлан СЕРІКҚАЛИЕВ Facebook парақшасында хабарлады.
24 қазанда Атырау қаласының мамандандырылған тергеу соты күдіктіге қатысты «қамау» түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.
Дайындаған Айнұр САПАРОВА