Атырау, 23 қараша 13:45
 ашықВ Атырау +2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Биыл Құрманғазыда 170 мың тонна мал азығы дайындалады

758 просмотра

Оның 2 800 тоннасын асыл тұқымды мал өсіретін құрылымдар дайындайды, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Ауданда 205 шаруа қожалығы мал азығын дайындау науқанына қатысып жатыр. Шөп шабу, жинау, дайындау үшін барлығы 55 машина, 33 түрлі маркадағы трактор, 241 тіркеме және 205 ауыл агрегаты мен 1 051 адам жұмылдырылған.

- Бүгінде мал азығының 51 мың тоннасы дайын. Жалпы дайындалуы тиіс 164 300 тонна пішеннің 8650-і өткен жылдан артылып қалған. Ал қалғаны науқандық жұмыстар аяқталғанша дайын болады. Шаруа қожалықтары тек ауданда ғана пішен шауып жатыр. Мал азығын өзге өңірден тасымалдауға қажеттілік жоқ. Қыр бойындағы Сүйіндік, Асан, Азғыр өңірлерінің шаруаларына мал азығының 15 пайызы тапсырылады, - деді Құрманғазы ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Саламат ҚАБДОЛОВ.

Анықтама үшін: Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларына сәйкес, биыл 52 шаруа қожалыққа 50 млн 960 мың тенге субсидия төленді. Ал «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 105 үміткер тізімге енді. Былтыр бұл бағдарлама бойынша 35 адам жеңілдетілген несие алды.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

16 тамыз, 11:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.