Атырау, 23 қараша 13:51
 ашықВ Атырау +2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

"ҚМГ" еншілесінің буксирлері Парсы шығанағында пайдаланылуда

802 просмотра

"ҚМГ" еншілес компаниясы -«Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС буксирі Saudi Aramco компаниясына пайдалануға берілді.

Бүгінгі таңда «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС-нің «Ембі», «Талас» және «Ырғыз» — үш буксирі Парсы шығанағында әлемнің ірі мұнай компаниялары нысандарының жұмысында белсенді пайдаланылып келеді.

Айталық, «Ырғыз» буксирі Saudi Aramco компаниясының жобаларына қызмет көрсетеді, бұл «Қазақтеңізкөлікфлоты» ұлттық кеме қатынасы компаниясы флотының жоғары халықаралық талаптарға сай екенін айқындайды.

Еске сала кетсек, былтыр «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мен Abu Dhabi Ports Group (БАӘ) арасындағы ынтымақтастықты кеңейту аясында қос компанияның еншілес мекемелері — Қазақтеңізкөлікфлоты мен OFCO Offshore International қазақстандық сүйреткіш кемелерді жалға беруге үш жылдық келісімшарт жасасқан болатын.

Буксирлерді жалға беру «Қазақтеңізкөлікфлоты» ұлттық теңіз кеме қатынасы компаниясына Парсы шығанағының теңізде қызмет көрсету нарығына шығуға, табысын арттыруға және тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді.

16 тамыз, 03:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.