Атырау, 23 қараша 13:34
 ашықВ Атырау +2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Жылыой ауруханасында тегін дәрі-дәрмек алатын азаматтар негізсіз қысқартылған

861 просмотра

Көрнекі сурет

Жылыой ауданы прокуратурасы дәрігерлердің азаматтарға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемімен қамтамасыз ету міндеттерін елемеу фактілерін анықтады, деп хабарлайды Атырау облысы прокуратурасы.

Атап айтқанда, аудандық ауруханамен есепте тұрған тегін дәрі-дәрмек алатын азаматтардың саны негізсіз қысқартылған, сондай-ақ тауар жеткізушімен дәрілік заттар уақтылы жеткізілмеген.

Қадағалау актісі бойынша орталық ауруханада қант диабеті, артериалдық гипертензия диагноздармен есепте тұрған 4 мыңнан астам азаматқа 19 155 349 теңгеге дәрі-дәрмектер берілді.

Тұрғындардың конституциялық құқықтары қалпына келтірілді.

Аудандық аурухананың жауапты лауазымды тұлғасы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.  

15 тамыз, 17:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.