Әсіресе, бұған шалғай ауылдардағы мектеп оқушылары қуанышты. Жаңа жүйе арқылы білім саласына инновациялық тәсілдерді енгізуге, электронды оқулықтарды кеңінен пайдалануға болады.
Бүгінде Атырау облысында 205 мектеп интернет жүйесімен қамтылған.
- Былтыр Мемлекет басшысының білім беру процесін цифрландыру қарқынын жеделдету жөніндегі тапсырмасына сәйкес, 35 мектеп қайта жабдықталған еді, – дейді облыстық білім басқармасының басшысы Марат ӘБУОВ. - Бұл мектептер шалғайда орналасқан және жылдамдықты арттыру мүмкіндігі жоқ болатын. Қазіргі уақытта 29 мектептің 26-сы интернет жүйесіне қосылды. Қалған үш мектепті қосу 2025 жылға жоспарланған. Қазіргі уақытта аталған 3 мектепті «Starlink» жүйесіне қосу үшін «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ-мен келісімшарт жасау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА