Атырау, 20 қыркүйек 11:40
 ашықВ Атырау +24
$ 478.93
€ 534.96
₽ 5.16

Илон Маск тағы да миллиардерлер тізімінде бірінші орынды иеленді

347 просмотра

Bloomberg Billionaires Index мәліметтері бойынша, әлемдік миллиардерлер тізімінде бірінші орынды 235 миллиард доллар байлығымен бизнесмен Илон Маск иеленді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Bloomberg басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Үздік үштікті америкалық миллиардерлер иеленді. Екінші орында 193 миллиард доллар байлығымен кәсіпкер және Amazon иесі Джефф Безос тұр. Ал үшінші орынға 188 миллиард доллар байлығымен Марк Цукерберг жайғасты.

Бұған дейін үшінші орынға ие болған француздық бірнеше люкс брендтердің иесі Бернар Арно 184 миллиард доллар байлығымен төртінші орынды иеленді.

Тізімге сәйкес ресейлік кәсіпкер Владимир Потанин 31,2 миллиард доллар активтерімен 54-орында.

Сондай-ақ үздік жүздікке Леонид Михельскон, Вагит Аликперов, Алексей Мордашов, Владимир Лисин және Андрей Мельниченко кірді.

Айта кетейік, бұған дейін 2023 жылы Илон Маск планетаның ең бай адамы атағын алған еді. Tesla Inc басшысының байлығы бір жылда 92 миллиард долларға өскен.

15 тамыз, 13:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.