Түркияда заңсыз иммигранттармен күресу мақсатында елге кіретін барлық шетелдік азаматтың саусақ іздері алынады. Бұл туралы Түркия ІІМ басшысы Әли Ерлікая мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Sabah-қа сілтеме жасап.
«Түркияға кірген кезде АҚШ пен Ұлыбританиядағыдай саусақ іздері түсіріледі», - делінген басылымда.
Алайда, бұл өзгеріс қашаннан бастап іске қосылатыны белгісіз.
Сондай-ақ, министр уақытша қорғау мәртебесін алғандардың жеке куәліктерін чиптеу жоспарланғанын хабарлады. Бұл шара, әсіресе, Сириядан келгендерге әсер етеді.
Айта кетерлігі, Түркияда 4,4 миллионнан астам шетелдік азамат, оның ішінде 3 миллионнан астам Сирия азаматы бар.