Атырау, 23 қараша 13:35
 ашықВ Атырау +2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

​Қазақстан бокс федерациясы ерлер құрамасының бапкерлерін жұмыстан шеттетті

1 097 просмотра

Қазақстан боксында кадрлық өзгерістер орын алды, деп хабарлайды федерацияның баспасөз қызметі.

Париж Олимпиадасының қорытындысы бойынша кеңес өткізілді. Бокстан ерлер командасының бапкерлік құрамы толығымен жұмыстан шеттетілді.

Қазақстан бокс федерациясының шешімі ҚР дене шынықтыру және спорт істері бойынша комитетімен мақұлданды.

Бас жаттықтырушы Мырзағали Айтжанов және бапкерлік құрамдағы 10 маман, ҚБФ вице-президенті Азиз Қожамбетов қызметтен босатылды.

Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Тұрсынғали Еділов Қазақстан бокс федерациясы президентінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды.

Жаңа бапкерлік құрам кейінірек таныстырылады.

Айта кетейік, Айтжанов пен 10 бапкердің жұмыстан босатылғаны туралы ақпарат федерацияның ресми аккаунттарында 12 тамызда жарияланған болатын. Бірақ сол күні ұйым жұмысшыларды қызметтен босату болмағанын хабарлады.

15 тамыз, 00:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.