Атырау, 23 қараша 13:53
 ашықВ Атырау +2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Ойын алаңы кәріз үстіне салынған

Сурет
1 023 просмотра

Индербор кентінде үш жыл бұрын қыруар қаржыға салынған спорт және ойын алаңының бүгінде «жұрты» жатыр. Алаңның орталық кәріз жүйесінің үстіне салынғандықтан пайдасыз болып қалғаны анықталды.

Тайсойған және Д.Қонаев көшесі қиылысындағы жалпы аумағы 1609 шаршы метр спорт және ойын алаңы 2021 жылы пайдалануға берілді. Мердігері - «Бахан» ЖШС. Құны 36 млн 318 мың теңгеге бағаланды. 

Бұған көпқабатты үй тұрғындары бөріктерін аспанға атып, қуанысып қалған болатын. Екі жылдан кейін кенттегі кәріз желісі істен шығып, ақау тап алаңның астынан табылды. Тереңдігі 7 метр болатын орталық кәріз жүйесі бойына салынған футбол алаңы опырылып төмен түсіп кеткеннен кейін әкімдік қимылдай бастады. «Индерсу» КМК мамандары диагностикалық бейнебақылау жүргізгенде 200 мм болатын полиэтилен құбырдың бір-бірінен ажырап кеткенін анықтаған. Айналғанда қазу жұмыстары жүріп, алаң толық істен шықты.

Мамандар бұл құрылысты жүргізу үшін алдын-ала зерделеу жұмыстары жүргізілгенін айтады. Сонда орталық кәріз жүйесі үстіне қыруар қаржыға ойын алаңы салынып жатқанын ешкім білмеген бе? Бір-біріне сілтеген мамандар жауаптыларды анықтауда кедергі келтіруде, аудандық әкімдік те мардымды жауап бермеді. Ал Индер аудандық прокуратурасы тексеріс жүргізіп жатыр, оның қорытындысын күтуден басқа амал жоқ...

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Суреттерді түсірген автор

15 тамыз, 15:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.