Атырау, 22 ақпан 14:20
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 494.66
€ 581.87
₽ 6.43

Атырау облысының сыртқы сауда айналымы 15 млрд АҚШ долларын құрады

1 061 рет қаралды

2024 жылдың қаңтар-маусым айларында Атырау облысының сыртқы сауда айналымы 15 млрд АҚШ долларын құрады. Оның ішінде экспорт - 14,6 млрд, импорт - 400 млн АҚШ долларына жетті. 

Атырау облысынан негізінен мұнай және мұнай өнімдері, мұнай коксы мен битум, балық өнімдері, құрылыс материалдары (гипсокартон, пластик құбыр) полипропилен және тағы басқа тауарлар экспортталады, - деп хабарлады Атырау облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы.  

Қазіргі таңда аймақта 1000-ға жуық біріккен және шетел кәсіпорындары құрылып жұмыс істеуде. Сондай-ақ Атырау облысы жаһанның 50-ден астам елімен тығыз қарым-қатынаста.

Дайындаған Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

14 тамыз 2024, 23:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.