Атырау, 23 қараша 13:45
 ашықВ Атырау +2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Шетелдік компания Атырау үшін кәріз және нөсер жүйелерінің картасын әзірлеуді ұсынды​

1 177 просмотра

Атырауда кәріз желіcін тарту және қалалық нөсерлік суағар жүйесін ұйымдастыру мәселесі көтерілді.

Шетелдік компания өкілдерінің «Атырау облысы Су Арнасы» коммуналдық кәсіпорны, қалалық құрылыс бөлімі өкілдерінің және қоғам белсенділерінің кездесуінде шалшықтары құрғамайтын ықшамаудан тұрғындарының қаупін дәлелдейтін маңызды жайт анықталды: қаланың орталық кәріз жүйесі мен нөсерлік суағар жүйесін ұйымдастыру – жергілікті бюджет көтере алмайтын күрделі, қымбат процесс.

Сондықтан кездесуге ILF Consulting Engineers компаниясынан австриялықтар шақырылды. Компанияның қандай қызмет көрсететіні атауынан түсінікті. Ал олардың қызмет ауқымы әртүрлі салаларға - мұнай-газ, энергетика, көлік және бізді қызықтыратын су салаларын қамтиды. Олардың мазмұнды түйіндемелеріне қарағанда, жобалары 100-ден астам елде сәтті жүзеге асырылған.

Олар Атыраудың жаңа кәріз жүйесінің мастер-жоспарын әзірлеуге дайын екен. Бұрын осындай жоспарды Тегеранда әзірлеген. Әрине, біздің жер асты суларының деңгейін ескерсек, ол жақта аэрация аймағы және т.б. нюанстар мүлдем жоқ дерлік.

Жиналғандар бірден жаңа кәріз жүйесін енгізу арқылы тарифтерді көтеру мәселесін қозғады. Бұған блогер, қоғам белсендісі, мұнай-газ саласының сарапшысы Дидар ХАМЗИН былай деп жауап берді:

Қазір тек қолданыстағы кәріз жүйесін зерттеу жоспарланған, тариф туралы әңгіме қозғауға әлі ерте. Қазіргі уақытта Атырауда қолданыстағы жүйенің маркшейдерлік карталары жоқ. Біз Қазақстандағы картасы жоқ жалғыз қаламыз. Сондықтан қалалық қызметтердің жерасты жұмыстары кезінде апаттар орын алып жатады – не газ құбыры, не су құбыры, не кабельдер, не басқа нәрсе... Шетелдік компания біз үшін карта, стратегия және жүзеге асыру әдісін әзірлейді. Қаламызда қанша асфальт төселгенін, қанша ғимарат, ықшамаудандар бар екенін елестете аласыз ба? Бұл картаны біреулер жасап, оны жүзеге асырудың әдістерін және желілерді тартудың оңтайлы бағыттарын ұсынуы керек. ...Тіпті тұрғындар үшін тариф көтерілсе де. Қала қанша уақыттан бері құлдырап барады, мұны қалай да шешу керек. Өз басым айына екі рет септикті сору қызметіне тапсырыс беремін, бұған 22 мың теңгем кетеді. Әлі айтуға ерте деп отырған жаңа тариф жеке сектор тұрғындары ай сайын вакуумға төлейтін ақшадан қымбат болады деп ойламаймын.

«Жайық-Каспий Орхус» орталығының өкілі Шынар ІЗТЕЛЕУОВА ескі кәріз жүйесі туралы сауал тастады:

– Олар жаңа жүйені әзірлеп, ал ескі қалалық жүйе апатты күйде қалып қоймай ма? Тариф туралы айтсақ: қолданыстағы кәріз жүйесіне қосылған тұрғындар көп төлейтін бола ма?

Австриялықтар, әрине, мастер-жоспарды қолға алатын болсақ, бұл мәселені ескереміз деп сендірді. Сондай-ақ олар жобаны әзірлеу, жоспарлау және жүзеге асырудың әр кезеңінде жобаға жетекшілік етуге дайын екендін жеткізді. Сондай-ақ мердігерлерді тек өздерін іспен көрсете білген компаниялардың ішінен таңдайтынын, өйткені «Қазақстанда жобаларды жарты жолда тастап кететін фирмалар көп екенін» айтады. Сондай-ақ олар тарифтерді белгілеу бойынша өз ұсыныстарын мастер-жоспарға енгізуге дайын.

- Қаланың кәріз жүйесін дамыту стратегиясын ойластыратын кез жетті, – дейді «Атырау облысы Су арнасы» директоры Мейірім ҚАЛАУИ. – Мен әкім болдым, проблемалардың бәрін білемін. Мұны жергілікті бюджеттің көтере алмайтыны анық.  Бұл кездесуге неліктен шетелдіктер келіп отыр деген сұрақ бар шығар. Жауап берейін: өйткені, барлық әдіс жақсы. Біз бұл мәселеге әртүрлі қаржыландыру көзін, соның ішінде сыртқы банктерді тартуымыз керек: халықаралық даму институттары мұндай қымбат жоба үшін оны сәтті жүзеге асырған компанияға ғана ақша бере алады. ILF Consulting компаниясының мұндай тәжірибесі бар. Сонымен қатар, кейбір шағын аудандарды мемлекеттік-жекеменшік әріптестік арқылы біртұтас кәріз жүйесіне қосудың барлық нұсқасын қарастыру қажет. Ал карта осы бағытта жұмыс істеуді бастау үшін қажет. Ал шетелдік әріптестеріміз оны әзірлесе, бізде қозғалыс басталады.

Өткізгіштігі төмен топырақта жұмыс істеу тәжірибеңіз бар ма? – деп сұрады Атырау гидрогеология саласының ардагері Едіге САБУРОВ. ILF Consulting өкілінен «Yes» деген жауап алған соң сөзін жалғастырды.- Бұл мәселе бойынша бізге бәрі беймәлім, сондықтан бізге мастер-жоспар керек.

Әрі қарай кездесуде жиналғандар шетелдік компанияға өздерінің мастер-жоспарына нөсер суы жүйесін әзірлеуді енгізуге және еріген кезде қолданыстағы кәріздік тазарту станциясына құйылу үшін қарды дұрыс пайдалану жөнінде ұсыныстар берді. Қаланың бірыңғай кәріз жүйесіне қосылатын жеке үйлердегі заманауи септиктерді жобалау бойынша да ұсыныс жасалды. Тіпті үнемі суға кетіп жататын ықшамаудандардың бірін бұзып, тұрғындарға өтемақы беріп, кәріз желісін тартып, қайта үй салу ұсынылды.

Мұның бәрі шетелдік компания өкілдерінің сеніміне сәл күмән ұялатса керек:

- Біз бұл мастер-жоспарды әзірлеуге кірісеміз бе, жоқ па, әзір білмейміз... Біз жай ғана бұл туралы айту үшін келдік. Бізде стратегияны әзірлеуге мандат жоқ, - деп  аударды аудармашы мүдіріп.– Бірақ бәрі мақұлданса, Атыраудың ерекшеліктерін толығырақ зерттеп, нақты стратегия ұсынамыз.

Әрі қарай әңгіме оның құны шамамен қанша болатыны жөнінде өрбіді, қатысушылар түрлі соманы атады. Олардың ең көбі 350 миллиард теңге деп белгіленді. Олар сондай-ақ есеп бойынша шамамен бір ықшамауданды қосуға бір жыл уақыт кетеді деп, болжамды мерзімдерді де атады.

Анастасия ШЕРСТЯНКИНА

13 тамыз, 19:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.