Қаңтардың 10-ы күні Атырау қаласындағы "Floria" кафесінің жанында бір топ адам төбелескен.
Бейресми ақпарат бойынша төбелес атыраулық жастар мен шекара қызметкерлерінің арасында болған. Әскери қызметкердің бірі аяғынан жарақат алған деседі.
Бұл оқиғаны Атырау облысы ПД баспасөз қызметі растады.
"Кафе жанында орын алған төбелеске қатысты барлық қатысушылар анықталып, күдіктілер ұсталды. Жарақат алған 3 адам ауруханаға жеткізілген. Қазіргі таңда қылмыстық іс тіркеліп, кешенді тергеу амалдары жүргізілуде", - дейді ведомство.
Облыстық денсаулық сақтау департаментінен жарақат алғандардың жайы туралы сұрағымыз әзірге жауапсыз.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА