2020 жылы екі азамат «Жібек Жолы Атырау» және «Ақмаржан-Атырау» екі тұрғын үй-құрылыс кооперативін (ТҚК) құрған. деп хабарлайды Жоғарғы соты.
2020-2021 жылдары бұл ТҚК Атырауда «Ақмаржан» және «Жібек Жолы» тұрғын үй кешендерін салу мақсатында 220 азаматтың 2 млрд теңге қаражаттарын алып, олармен ТК құрылысына қатысу шарттарын жасасқан.
Шарттарда құрылысты аяқтау және ТК пайдалануға беру мерзімі 2021 жылдың қазан және желтоқсан айлары деп көрсетілген. Алайда жауапкерлер аталған мерзімде құрылысты аяқтай алмаған.
Қозғалған қылмыстық іс аясында сол пәтерлер әртүрлі адамдарға бірнеше рет сатылғаны белгілі болған.
2023 жылы ТҚК құрылтайшылары алаяқтық әрекеттері және алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен мүліктік залал келтіргені үшін (ҚК-тің 190-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы, 195-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы) 6 жылға бас бостандықтарынан айырылды.
220 үлескер Атырау қалалық сотына екі ТҚК-ға және олардың құрылтайшыларына олармен жасалған шарттарды бұзу және аяқталмаған құрылыс объектілерінен өндіріп алынған ақшалай қаражатты өздері құрған ТҚК-3-ке беру туралы талап қою жолдаған.
Олар талап қоюда жауапкерлер шарттардың талаптарын айтарлықтай бұзғанын, өйткені төлемді алғаннан кейін үйлердің құрылысын аяқтамағанын және талап қоюшыларға пәтерлерді бермегенін атап көрсеткен.
Қалалық сот 220 талап қоюшының талаптарын негізді деп есептеп, оларды толық көлемде қанағаттандырды.
Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.