Атырау, 23 қараша 13:39
 ашықВ Атырау +2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Атырау мұнай және газ университетінде жаңа мамандықтар ашылды

724 просмотра
Ашық дереккөзден алынған сурет
Жаңа оқу жылы қарсаңында Сәфи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетіндегі білім бағдарламалары бірнеше мамандықпен толықты. Жаңа білім беру бағдарламалары еңбек нарығындағы сұраныстар мен жұмыс берушілердің мамандарға қоятын талабына сәйкес әзірленген. 

Атап айтқанда, жаңа оқу жылынан бастап университетте «Геоақпараттық жүйелер», «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардағы бизнес-талдау», «Материалтану және жаңа материалдар технологиялары» бағытында бакалавр мамандары ашылған. Сонымен қатар, «Негізгі органикалық және мұнай-химия синтезі», «өнімдерінің химиясы және технологиясы (мономерлер, полимерлер және каучуктар)» мамандығы бойынша магистратура ашылуда.

- Оқу орнында барлық бағдарлама бойынша дуалды оқытуды жүзеге асырады. Білімгерлер оқу уақытының 40%-ын кәсіпорындарда өткізу арқылы теория мен практиканы ұштастырады. Білім беру бағдарламалары мен оқытылатын мамандықтарды жұмыс берушілердің сұранысына сәйкестендіру үшін еңбек нарығына мониторинг жүргіздік. Мұнай-газ кешенінің өкілдерімен кездесіп, ұсыныстарын ескеріп, мамандықтар тізімін жаңартамыз. Индустриямен ынтымақтастық орнату жоғары білім беру жүйесінде тәжірибеге бағытталған оқытуды қалыптастыруға ықпал етеді, - дейді университет ректоры Гүлзада ШАКУЛИКОВА.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

13 тамыз, 14:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.