Атырау, 23 қараша 16:01
 ашықВ Атырау +2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Атыраудан басқа қалаларда қазақстандықтардың нақты жалақысы өсті

739 просмотра

Қазақстандықтардың нақты жалақысы Атырау облысынан басқа барлық жерде өсті. Бұл туралы Orda DATA HUB аналитикалық арнасына сілтеме жасап хабарлады.

2024 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша Қазақстандағы орташа айлық жалпы 392,7 мың теңге болды. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда номиналды 11,5%-ға жоғары. Ал инфляцияны ескерсек – 2,4%-ға жоғары. Жалпы нақты өсім барлық өңірде байқалады.

Тек бір ғана өңір бұл тізімге кірмей қалды. Жалақы әлі де жоғары болып қала беретін Атырау облысында қаңтар-маусым айларында мұндағы орташа айлық көрсеткіш 601,8 мың теңге болды, бұл бағаның өсуін есепке алғанда бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 7,5 пайызға төмен.

Мұнда бірінші кезеңдегі орташа айлық көрсеткіш 1 миллион 667 мың теңге. Бұл, еліміз  бойынша орташа көрсеткіштен 4,2 есе көп, бірақ нақты көрсеткіште өңір үшін бір жыл ішінде 5,9%-ға төмендеу байқалады. 

Қазақстандағы мұнай өнеркәсібі дамыған Атырауда нақты жалақы 2 пайызға төмендеді.

13 тамыз, 12:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.