Премьер-Министр Олжас БЕКТЕНОВТІҢ төрағалығымен өткен Үкімет отырысында отандық тауар өндірушілерді қолдау мәселесі қаралды. Қабылданып жатқан шаралар туралы өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев баяндады, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.
2024 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстанның өңдеу өнеркәсібі 5,1%-ға өскені атап өтілді. Қара және түсті металлургияда, химия, машина жасау салаларында және жиһаз өндірісінде оң динамика байқалады. Жыл соңына дейін өңдеу өнеркәсібінің негізгі салаларында өсімді қамтамасыз ету жоспарлануда. Осы мақсатқа жетудің негізгі тетігі отандық өндірісті қолдау болып саналады. Ол үшін бірқатар заңнамалық өзгерістер қабылданды.
«Мемлекеттік сатып алуда басымдығы бар отандық тауарлардың тізбесі кеңейтілді. Оффтейк-келісімшарттар жасасу тетігі пысықталды. Объектілерді салу кезінде мемлекеттік бюджет есебінен қазақстандық өндірістің тауарларын пайдалану бойынша бақылау енгізілді. ҚПҚ жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуларында отандық тауарларды жеткізуге шарттар жасасу, көмірсутег шикізаты және уран жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуларында отандық тауарларды сатып алу бойынша талаптар белгіленді.
Табиғи монополиялар субъектілері үшін конкурстық өтінім бағасын 10% төмендету есебінен отандық тауарларды басым сатып алу белгіленген. Бұдан басқа, «Самұрық-Қазына» қорының сатып алуларында ұзақ мерзімді шарттар мен офтейк-келісімшарттар жасасу шарттары жетілдірілді», — деді Қанат Шарлапаев.
Министр ОТӨ-ні қолдаудың жаңа шараларын сәтті қолдану мысалдарын атап өтті. Бұл «Радуга» ЖШС, оның өндірісінің жүктемесі қағаз өнімдерін мемлекеттік сатып алудың арқасында 12%-дан 100%-ға дейін ұлғайды. «Лакра» ЖШС және «Marschall» ЖШС мемлекеттік сатып алуларға қатысу есебінен өндіріс жүктемесінің айтарлықтай өскенін көрсетті. 2024 жылдың сәуір айында іске қосылған «Metal Former» ЖШС зауыты 3,6 млрд теңгеге өнім өндіріп, «Жайлы мектеп» жобасының арқасында өндірістің толық жүктелуіне қол жеткізді.