Атырау, 24 желтоқсан 23:48
 бұлттыВ Атырау -11
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Атырауда полиция тұрғындарды тонаған 3 күдіктіні ұстады

936 рет қаралды

Атырау облысы полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 2 тонау қылмысының жолын кесті. 

Атырауда мейманханалардың бірінде 39 жастағы тұтынушыға күш қолданып, оның бағалы алтын жүзігі мен қолсағатын және 1 млн 200 мың теңге ақшасын ашық түрде тонаған 23 және 18 жастағы күдіктілер анықталып ұсталды. 

Сондай-ақ, 45 және 42 жастағы тұрғындардың ұялы телефондарын жымқырған 36 жастағы күдікті ізін суытпай анықталып, ұсталды. Қазір күдіктілерге қатысты тонау дерегімен тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 

Айта кетейік, тонау қылмысы үшін күдіктілерге 3 жылдан 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

13 тамыз 2024, 11:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.