Әлеуметтік желіде «Мұнайшы» ДСК-дегі әжетхананың мүшкіл халі көрсетілген видео тарап жатыр.
Кадр сыртындағы ер адам: «Мына әжетхананың иесі жоқ сияқты» деп, қынжылыс білдіреді. Естеріңізге салсақ, былтыр облыс әкімдігі дене шынықтыру-сауықтыру кешенін қайта жарақтау 2024 жылға жоспарланғанын мәлімдеген болатын.
Бұл нысандағы жұмыс барысы туралы сауалымызға баспасөз қызметі былай деп жауап берді:
«Мұнайшы» ДСК 2018 жылға дейін Атырау қаласы әкімдігінің балансында болған; ол 1950 жылы салынған. 2018 жылы «Атырау облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесінің балансына берілді. Қазіргі таңда нысанды қайта жарақтаудың жобалық-сметалық құжаттары дайындалуда. Жобалаушы компания – «Казахэнергопром». ЖСҚ әзірлеуді осы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда».
Айнұр САПАРОВА