Атырау, 22 қараша 05:59
 бұлттыВ Атырау +4
$ 494.87
€ 520.65
₽ 4.91

Түркия Telegram-нан да бас тартпақ – БАҚ

329 просмотра
Фото: freepik.com

Telegram Түркияда құмар ойындарды насихаттау және есірткі сату арналарын жою туралы ескертулерді елемеу салдарынан бұғатталуы мүмкін, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Түркияның Ақпарат және коммуникациялық технологиялар басқармасы Telegram-да заңсыз контент болуы туралы 1 мыңнан астам ескерту жасаған. Алайда, ведомствоға ресми жауап келмеген. Соның салдарынан мессенджер бұғатталуы мүмкін.

«Бұл – есірткі сатылымы, құмар ойындар, жезөкшелік және педофилия насихатталатын арна», - деп жазды жергілікті БАҚ.

Еске салайық, 2 тамызда түрік билігі Instagram-ды бұғаттады. ХАМАС жетекшісінің бірі Исмаил Ханияның қайтыс болуына байланысты ақпараттардың жойылуына байланысты ресми Анкара әлеуметтік желі платформасынан бас тартты. Алайда, 10 тамызда платформа өкілдерінің Анкара шарттарын орындауы нәтижесінде бұғаттаудың күші жойылды.

12 тамыз, 16:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.