Бүгін, Атырау облысы әкімінің өкімімен облыстық білім беру басқармасы басшының лауазымына Әбуов Марат тағайындалды.
Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Марат Әбуов Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің шетел тілі мамандығы бойынша бакалавры, Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетінің құқықтану мамандығын бітірген. ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының магистрі.
Алғаш еңбек жолын ұстаздық қызметтен бастаған М.Әбуов мемлекеттік қызметте де білім беру саласына жетекшілік етті.
Еңбек өтілі:
08.1999 – 04.2004 жыл аралығында Қызылқоға ауданы Миялы селосы Х.Досмұхамедов атындағы орта мектептің мұғалімі;
04.2004 – 02.2005 жыл аралығында Қызылқоға аудандық білім беру бөлімінің бас маманы;
02.2005 – 01.2008 жыл аралығында Қызылқоға ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-кадр және мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінде бас маман;
01.2008 – 11.2011 жыл аралығында Қызылқоға аудан әкімі аппаратының жалпы бөлімінде бөлім меңгерушісі;
11.2011 – 12.2017 жыл аралығында Қызылқоға ауданы әкімі аппаратының басшысы;
12.2017 - 26.2022 жылдар аралығында Қызылқоға ауданы әкімінің әлеуметтік салаға жауапты орынбасары;
26.2022 жылдан бастап бүгінге дейін облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметін атқарды.
Дайындаған Ліззат ҚАРАЖАНОВА