Атырау, 23 қараша 15:46
 ашықВ Атырау +2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

​Аумақтық ветеринариялық бақылау инспекциясы басшысы тәртіптік жауапкершілікке тартылды​

596 просмотра
Ашық дереккөзден алынған сурет

Атырау облысының прокуратурасы инвестициялық жобаларды сүйемелдеу бойынша жұмысты жалғастыруда.

Мәселен, «А.Сисенов» ЖК Жылыой ауданының Құлсары қаласында жалпы құны 100 млн теңгені құрайтын сүт және сүт өнімдерін өндіру бойынша инвестициялық жобаны іске асыруда.

Жобаны іске асыру кезінде инвестор аумақтық ветеринариялық бақылау және қадағалау инспекциясы тарапынан ветеринариялық-санитариялық қорытынды беруден негізсіз бас тартуда көрсетілген әкімшілік кедергіге тап болды.

Бұл жағдай инвесторға жәрдем көрсету және уәкілетті орган жол берген заң бұзушылықтарды жою туралы шешім қабылданған фронт-офис алаңында қаралды.

Қадағалау актісі бойынша инспекция басшысы кәсіпкерге қорытынды беруден негізсіз бас тартқаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды, инвесторға салалық қорытынды берілді.

Инвесторлардың құқықтарын қорғау және инвестициялық жобаларды сүйемелдеу жөніндегі жұмыс жалғасуда және қадағалау органының бақылауында болады.

Инвесторлардың өтініштеріне жедел ден қою мақсатында фронт-офис тұрақты негізде жұмыс істейді және тәулік бойы мобильді топ жұмыс істейді (байланыс телефоны 8-701-066-77-22)

12 тамыз, 11:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.