Атырау, 23 қараша 15:41
 ашықВ Атырау +2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Астана әуежайында бір айда үшінші ұшақ зақымданды: Air Astana әуе кемесі контейнермен соқтығысты

811 просмотра
Сурет kaztag.kz сайтынан алынды 

Астана халықаралық әуежайында Астана-Атырау бағытында ұшатын әуе кемесіне контейнер соғылып, зақым келді. Бұл туралы Курсив Air Astana компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

«8 тамызда Астана-Атырау бағыты бойынша КС 983 рейсін орындауға жоспарланған ұшақ қатты жел кезінде елордалық әуежайда контейнердің соққысынан зақымданған», – делінген компанияның хабарламасында
Ұшақтың зақымданған бөлігі / Фото: Air Astana

Air Astana компаниясы ұшақты алмастыратыны туралы хабарлады. Осы себепті Астана-Атырау рейсі 2 сағатқа кешікгетін болды.

1 тамызда Астана әуежайының қызметкерлері Scat компаниясының ұшағына зақым келтірген. 5 тамызда әуежай операторы FlyArystan ұшақтарының біріне зақым келтіріп, осының салдарынан ұшақ бірнеше күнге мәжбүрлі тұраққа қойылған.

Бұдан бөлек, Air Astana компаниясы жазғы маусымның басынан бері Астана әуежайындағы ұқыптылық пен басқа да операциялық қиындықтар көбейгенін хабарлаған.

«Air Astana рейстердің уақытылы орындалуына кері әсер ететін факторларды жою үшін Астана халықаралық әуежайын шұғыл шаралар қабылдауға шақырады. Жолаушыларға сапалы қызмет көрсету үшін осы мәселелер бойынша сындарлы ынтымақтастыққа үміттенеді», – делінген хабарламада.

Компания осы мәселені көтергеннен кейін Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің соңғы уақытта әуе кемелеріне келтірілген залал оқиғаларының жиі болуына байланысты елордалық әуежайда жоспардан тыс инспекциясы өткізетіні белгілі болды.

9 тамыз, 00:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.