Атырау, 26 желтоқсан 05:06
 ашықВ Атырау -7
$ 512.81
€ 604.19
₽ 6.57

Атырауда жас жігіттің мәйіті табылды: тергеу жұмыстары басталды

1 209 рет қаралды

Бүгін, 8 тамызда Атырауда тіршілік белгісі жоқ жас жігіттің денесі табылды.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі ақпаратты растап, бүгін сағат 14:15 шамасында Сырым Датов көшесі бойында орналасқан гараж аумағынан 2006 жылы туған жігіттің мәйіті табылғанын хабарлады.

ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы «Өзін-өзі өлтіруге итермелеу» бойынша тергеу басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Айнұр САПАРОВА

9 тамыз 2024, 00:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.