Иран Израиль парламенті мен Беньямин Нетаньяху кеңсесіне шабуыл жасауға уәде берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Иран Жерорта теңізіндегі мұнай және газ кен орындары, Израильдің солтүстігіндегі электр станциялары, Иерусалим мен Тель-Авивтегі әскери базалар мен үкіметтік ғимараттар (соның ішінде Кнессет ғимараты, премьер-министр Беньямин Нетаньяху кеңсесі және Қорғаныс министрлігі), сонымен қатар, үш әуежай мен екі айлақты көздеп отыр», - деп жазды Иран Қарулы күштерінің жаңалықтар порталы Defapress.
Euronews хабарлауынша, Израильге зымыран шабуылының қаупі тек Ираннан ғана емес, Ливандағы Хезболладан, Газа секторындағы ХАМАС-тан, Йемендегі хуситтерден, Сириядағы және Ирактағы ирандық позициялардан туындап тұр.
Израиль шабуылынан Газа секторында қырылған халық саны 36 379-ға жетті.