Атырау, 23 қараша 15:29
 ашықВ Атырау +2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Мақат ауданында дәрігерлер ​өндірістік жарақат фактісін жасырған ​

508 просмотра

Атырау облысында өндірістік жарақат фактілерін жасырған дәрігерлерге
шара қолданылды, деп хабарлайды облыстық прокуратура.

'Прокурорлық тексеріс кезінде еңбек қауіпсіздігі саласында заң бұзушылықтар анықталды. Медициналық ұйымның қызметкерлерімен 13 өндірістік жарақат фактісі жасырылған.

Аталған фактілер бойынша жұмыс берушінің кінәсінің дәрежесін анықтау үшін міндетті тергеулер қамтамасыз етілмеген.

Өз кезегінде жәбірленушілер өздеріне тиесілі өтемақы алу құқығынан айрылды" делінген хабарламада.

"Прокурорлық қадағалау актісі нәтижесінде Мақат аудандық ауруханасы ҚР ӘҚБтК-нің 96-бабының 1-бөлігімен (Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға фактісі туралы хабарламау) әкімшілік жауапкершілікке тартылды" деп хабарлайды прокуратура..

7 тамыз, 15:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.