Атырау, 23 қараша 15:46
 ашықВ Атырау +2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Облыс әкімі грантына құжат қабылдау басталды

693 просмотра

Талапкердің  мемлекеттік грантқа түсе алмай қалған жағдайда, әкім грантына өтініш беруге толық мүмкіндігі бар.  Бұл конкурсқа мектеп бітірушілер мен колледж түлектері үміткер бола алады.

Атырау облысы білім беру басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира ТҰҢҒАТАРОВА хабарлағандай, әкім гранты жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылады. Әкім гранты бойынша оқуға түскен студенттер оқуын тәмамдағаннан кейін жергілікті жерге келіп жауапты мекеменің берген жолдамасы бойынша жұмысқа орналаса алады.    

Биыл грант медицина, педагогика, ауылшаруашылығы, ветеринария, орман ресурстары және орман шаруашылығы, дінтану, туризм бағытындағы мамандықтарға беріледі. Басты  талап мамыр-маусым айларындағы Ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысымен ережеге сәйкес құжаттар тапсыру, - деді Э. Тұңғатарова.

Атап айтқанда, жалпы медицина мамандығына қазақ-орыс тілінде 25 грант, дене шынықтыру және спорт мамандығы бойынша 25 талапкерге грант қарастырылған.   

Айта кетейік облыс әкімінің гранты аймақта 2017 жылдан бастап беріліп келеді.  Ол кадр тапшылығы туындаған басқармалар мен мекемелерден келіп түскен сұраныстар негізінде жыл сайын әр түрлі мамандықтарға беріледі.  

Құжаттар қабылдау  5- 10 тамыз аралығында, жергілікті уақыт сағат 09.00 - 18.30 дейін, Атырау қаласы, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде жүзеге асырылады. Грант иегерлерінің тізімі білім басқармасының  парақшасында, сайтында, жергілікті БАҚ беттерінде 25 тамызга дейін жарияланады.

Білім беру грантын.беру туралы куәлік ағымдағы  жылы 26 тамыздан кешіктірілмей беріледі.

Қажетті құжаттар: 

1) белгіленген үлгідегі бланкіде өтініш;

2) жалпы орта білімі туралы құжат көшірмесі (құжаттарды жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына тапсырған  кезде түпнұсқа тапсыру);

3) ҰБТ сертификатының көшірмесі,

4) 086-У нысаны бойынша медициналық анықтама көшірмесі (құжаттарды жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына тапсырған  кезде түпнұсқа тапсыру);

5) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

6) Көп балалы, аз қамтылған отбасы, жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар екендігін дәлелдейтін құжаттар көшірмесі (болған жағдайда).

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

7 тамыз, 11:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.