Атырау, 23 қараша 16:55
 ашықВ Атырау +2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Атырауда мүгедектерден МӘМС жарналары ұсталған

574 просмотра

Атырау облысының прокуратурасы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жарналарына қатысты бірқатар заң бұзушылықтарды анықтады. Он адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Белгілі болғандай, осы жылдың бірінші тоқсанында облыстық қадағалау органы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру саласындағы заңдылыққа талдау жүргізген. Төлем жасаудан босатылған тұлғалардан: білім беру ұйымдарында күндізгі бөлімде оқитын студенттерден және мүгедектерден төлемақыны негізсіз ұстап қалу фактілері анықталды.

Ал төлеуге тиісті адамдар төлемеген. Облыс прокурорының бірінші орынбасары Б.Сәдібековтің мәліметінше, он адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Олардың қатарында жеке нотариус, жеке сот орындаушысы және адвокат бар.

Анастасия ШЕРСТЯНКИНА

6 тамыз, 14:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.