Атырау, 22 қараша 06:01
 бұлттыВ Атырау +4
$ 494.87
€ 520.65
₽ 4.91

Израиль Иран қаупіне байланысты Нетаньяхуге бункер дайындап жатыр

493 просмотра

Израильдің үш ірі ұйымының бірі «Шин Бет» Иранның шабуыл қаупіне байланысты ел басшылығына бункер дайындап жатыр. Бұл туралы KAZINFORM  The Times of Israel басылымына сілтеме жасап хабарлады.

Жергілікті «Walla» порталының хабарлауынша, бірнеше жүз адамға арналған бұл бункер Иерусалим қаласының аумағында орналасқан. Оның құрамына тұрғын үйлері бар кеңселер, Қорғаныс министрлігімен байланыс орталығы кіреді және зымыран соққыларынан қорғалған. Соғыс кезінде жоғары шенді басшылар ұзақ уақыт қала алатын жерасты бункері толығымен қайта өңделуде.

Шамамен 20 жыл бұрын салынған бункер қолданыстағы қару-жарақтардың бірқатарына төтеп бере алады. Қорғаныс министрлігінің Тель-Авивтегі штаб-пәтерімен байланыс орнатылған.

«Ұлттық қолбасшылық орталығы» деп те аталатын бункер Израильдің Газадағы соңғы 10 айлық соғысы кезінде пайдаланылмаған. Дегенмен, оны премьер-министр Беньямин Нетаньяху мен басқа да жоғары лауазымды тұлғалар Таяу Шығыстағы шиеленістің күшеюі кезінде Израиль Иран мен Хизболланың ықтимал шабуылдарына қарсы дайындап жатыр.

Айта кетейік, Иран 48 сағат ішінде Израильге соққы беруі мүмкін.

6 тамыз, 14:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.