Атырау, 20 қыркүйек 17:26
 ашықВ Атырау +10
$ 478.93
€ 534.96
₽ 5.16

Бүкіл әлемді жаяу аралаймын: қарағандылық Анкарадан Батумиге дейін 1111 км жүріп өтті

569 просмотра

Қарағандылық Асхат Қажытай, жаяу гид, бейбітшілік елшісі, "Әлемді жаяу аралаймын" жобасының авторы ("Бүкіл әлемді жаяу аралаймын"), тревел-блогер, Анкарадан Батумиге дейін 1111 км жол жүрді. Қазір ол өзінің саяхаттары туралы қазақ және ағылшын тілдерінде "Жаяудың жазбасы" атты мотивациялық кітап жазып жатыр. Тұсаукесер қазан-қараша айларына жоспарланған, деп хабарлайды Қарағанды облысының әкімдігі. 

Бұл оның алғашқы ауқымды саяхаты емес. 2021 жылы ол 7 күн ішінде Қарағанды облысының ең биік нүктесі – Ақсораңға (1565 м) дейін 333 км жүріп өтті. Сол жылы Ұлытаудағы Әулиетау шыңына (1131 м) дейін 777 км жүріп өтіп, оң тізесінен жарақат алғае. Дәрігерлердің кеңесі бойынша ол өзінің тағы бір жобасын – "Түркия – Түркістан 5555 км" кейінге қалдырды.

Белсенді спорттық жүктемелерсіз екі жыл ішінде ол айтарлықтай салмақ жинап алған. Соған қарамастан ол Еуропадағы жаяу ультрамарафонға дайындала бастады. Биылғы жылдың жазында Германиядағы футболдан Еуропа чемпионатына қатысу және Олимпиада ойындарын өткізетін Парижге бару жоспарланған болатын.

– Мен дене шынықтыру кестемді реттей бастадым. Уақыт келгенде Мюнхен мен Париж арасындағы ультрамарафонға баруды шештім, – деді Асхат Қажытай.

Ол оған бір жыл бойы физикалық және психологиялық тұрғыдан дайындалды. Еуропаға кіру үшін виза рәсімдеген, 7 шілдеде Астанадан Франкфуртқа, содан кейін Мадридке ұшып кеткен. 

Испания астанасында ол еуропалық ауа-райына бейімделді, әйгілі Сантьяго Бернабеу стадионына дейін 33 км жүрген, "Реал Мадрид" футбол клубының аренасына жеткен.

– Мадридтен Мюнхенге ұшу керек едіс. Менің билетім Мадрид – Измир – Мюнхен бағыты бойынша болды. Бірақ ойламаған оқиға болды. Маған билеттерді сатып алғанда қате кеткенін айтты: визалық жағдай ескерілмеген. Мен мұны Измирге қонған кезде ғана білдім және Мюнхенге ұшып кете алмадым. Мен Мюнхенде Франция мен Испания арасындағы футбол ойынына билет сатып алдым. Бірақ жоспарларды өзгертуге тура келді. Мен Анкара – Батуми бағытына аттандым, – дейді ультрамарафоншы.

Бар-жоғы саяхат 24 күнге созылды. Асхат Қажытай Түркияның 20-дан астам ірі және шағын қалаларынан өтті.

Трабзон қаласында Абай ескерткішіне барды. Garmin сағаттарының көмегімен жүріп өткен қашықтықты өлшеп, күнделікті маршрутын әлеуметтік желілерде жариялады.

– Менің жобамның мақсаты – әлемде бейбітшілікті, жүрудің маңыздылығын насихаттау, табиғатты қорғауға және салауатты өмір салтын ұстануға, сондай-ақ қазақтардың өмір салтымен таныстыруға, қазақ тілінің мәртебесін көтеруге және ұлттық құндылықтарымызды дәріптеуге шақыру, – дейді Асхат Қажытай.

5 тамыз, 17:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.