Биыл облыста шегірткелер қаптап кетті: итальяндық прустар азиялық шегірткеден екі есе көп тіркелді.
Бұл туралы Атырау облысы бойынша Агроөнеркәсіптік кешендегі бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекциясының басшысы Тілек ӘМІРОВ мәлім етті.
«Азиялық шегірткенің өзі де бұрынғыдан көп болып отыр. Шегірткенің циклдік пайда болуына қалай сенбейсің. Биыл жаңа цикл басталған», - деді Т.Әміров.
– Жәндіктердің кең ауқымда пайда болуына дайындық ұйымдастырылды ма?
– Дайындықты көктемде бастадық. Атырау облысының барлық округ әкімдерімен ақпарат бөлісіп, жағдайдың қалай өрбитінін ескерттік. Осылайша итальян прусының дернәсілінен 58 мың гектар, азиялық шегірткеден 28 мың гектар жерді улауға мәжбүр болдық. Егіс алқаптары мен жайылымдарды дельтаұшақ арқылы улау жүргізілді.
Т.Әміров айтқандай, барлық жерде шегірткемен шайқас жүріп, «патрондарды» аямау туралы бұйрық берілген. Тіпті өткен жылғы пестицидтер қоры да қолданылған.
– Кейінн қорытынды жасадық: 20 литрлік улы химикаттар құйылған 89 канистр пайдаланылған.
- Қауіптілік класы бойынша қандай пестицидтер болды?
- Бұлар П3 (қауіптілігі төмен) және П1 (қауіптілігі жоғары). Адам мен жануардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ, өйткені өңдеуден бұрын әрбір ауылдық округке алдын ала хабарланады: дельтаұшақ ұшқан жерде, бір ай бойы адам түгілі, сиыр да көрінбеді. «Авиасила» ЖШС дельтаұшақтары мұнда бір галлон да таза ауа қалдырған жоқ. Бірақ шегірткелерге қатысты жағдай келесі жылы қайталанатынын бірден ескерткен жөн.
Қандай химиялық препараттар қолданылды: «Альфа-цеперметрин», «Агрифер», «Диурон», «Имидоклоприд+Альфацеперметрин» және т.б. эмульсиялық концентраттар. Айтпақшы, ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығымен барлық қолданылған препараттар сынақтан өтіп, мемлекеттік тіркеуден өтті.
«АЖ» анықтамасы
Адамдарға және қоршаған ортаға пестицидтердің қауіптілік дәрежесі санаттар тізімінде белгіленеді - П1-ден П4-ке дейін, мұнда П1 ең жоғары қауіпті және П4 іс жүзінде қауіпті емес. Бір қызығы, химиялық заттардың аралар қауымына әсері мысал ретінде алынған. Бұл ретте егіс алқаптарын зиянкестерге қарсы өңдеуді таңертең және кешке аралар ұйқыда болғанда жүргізу ұсынылады.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ