Атырау, 23 қараша 17:06
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Сасықсайдағы аққу әні

Бейнежазба
789 просмотра

Бейнежазбадан алынған скриншот
Видеодан алынған скриншот

Бір апта бұрын бірнеше блогер әлеуметтік желідегі парақшаларында Атырау мұнай өңдеу зауытының «Сасықсай» деп аталатын булану орнында құстардың өлексеcі бейнеленген видео жариялаған болатын. Араға он күн салып, «Ақ Жайық» редакциясының тілшісі зерттеу нәтижесіне қатысты ақпаратты білуге тырысты.

Бұдан бұрын хабарланғандай, әлеуметтік желіде бұл видеолар тарай бастаған соң, Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының орнитологтарымен бірге сол жерге барған болатын. Олардың Сасықсайға сапарынан кейін облыстың уәкілетті органдарынан осы аумақтағы құстардың қырылу себебін анықтау үшін комиссия құрылды. Бір қызығы, комиссия кем дегенде екі блогер видеоға түсірген көріністі таппады.

Инспекция басшысының м.а. А.ҚАЛЖАНОВАНЫҢ айтуынша, аумақты тексеру барысында бір ғана құстың өлексесі - аққу табылған. «Интернет-ресурстардағы видеода жарияланған басқа құстардың өлексесі табылмады», - деп жауап берді инспекция «АЖ»-ға.

Айта кету керек, ол жерге аталған органдардан бөлек, Атырау облысы бойынша экология департаментінің мамандары мен «АМӨЗ» ЖШС зертханасының қызметкерлері де келді. Департамент пен ЖШС су қоймасынан талдау жасау үшін су сынамасын алды. Екі күннен кейін АМӨЗ-де бұл сынамалардың қорытындысы дайын болып, экология департаментіне берілді.

АМӨЗ бен экология департаменті алған сынамалардың нәтижелері сәйкес келді ме, жоқ па, әзірге белгісіз, өйткені инспекция зертханалық зерттеулер әлі «қаралып жатыр» деп жауап берді.

Ал аққуға келер болсақ: бізде, Қазақстанның экологиялық жағдайы ең нашар өңірлерінің бірінде бейшара құстың өлу себебін тексеріп, айта алатын бірде-бір токсиколог жоқ болып шықты. Сондықтан аққудың өлексесі Астанадағы Ұлттық референттік орталықтың зертханасына жіберілді. Нәтижесі әзірге белгісіз.

Бәлкім, видеоға түсіп қалған басқа құс өлекселерінің жұмбақ күйде ғайып болу хикаясын бір күні білетін шығармыз. Олардың өлу себебін аққудың талдамасы әзір болған кезде білуге болады, егер ол, әрине, қартайып өлген болмаса.

Анастасия ШЕРСТЯНКИНА

В. Сутягиннің видеосы 

30 шілде, 16:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.